Астанада үш күнде жол ережесін бұзған 600-ден астам жаяу жүргінші ұсталды

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Астананың жол полициясы қызметкерлері «Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу шарасы аясында «Қауіпсіз жол» акциясын өткізді.
None
None

Шара барысында жол қозғалысына қатысушылар арасында әдептілік сақтауды насихаттау мен жол қауіпсіздігін арттыру негізге алынды.

Астананың ІІД Жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 наурыздан бастап өткен «Жаяу жүргінші» шарасы кезінде жол полициясының жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқарды. Олар жаяу жүргіншілер көп жүретін жерлерде бақылау жасап, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 3 күннің қорытындысы бойынша жаяу жүргіншілер тарапынан 600-ден астам жол ережесін бұзу фактісі орын алды. Ал жол қозғалысына қатысушылар мен жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін жүргізушілерге 171 әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы жедел-алдын алу шарасы аясындағы үш күннің ішінде жол қозғалысы ережесін сақтамаудың 2 343 фактісі тіркелді.

Соңғы жаңалықтар