Астанада үш құрылысшының биіктен құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада тұрғын үй кешенінің құрылыс алыңында үш жұмысшы шамамен бесінші қабаттан құлап, жарақат алды.

құрылысшылар
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Полиция департаментінің мәліметінше, жұмысшылар биіктікте орнатылған құрылыс жабдығының үзілуі салдарынан құлаған. 

— Аталған факті бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу белгілерімен қылмыстық іс қозғалды, — деп мәлімдеді ведомство.

Оқиға салдарынан зардап шеккен үш жұмысшы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, елордада тұрғын үй қасбетінің кірпіш қаптамасы құлап, жарақат алған фельдшер көз жұмды.

Сонымен қатар Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жөндеу жұмыстары кезінде лифт құлады. Оқиға салдарынан лифтіге жауапты компанияның бір қызметкері қаза тауып, екі қызметкер жарақат алды. Бұл жағдайға қатысты заңгер Нұржігіт Сұлтанбек Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында пікір білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар