Астанада үстіміздегі жылдың сәуір айынан бері жөндеуден өткізіліп жатқан Ақжол көшесі ашылды - Астаналық ІІД ЖПБ

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Астанада үстіміздегі жылдың сәуір айынан бері қайта жөндеуден өткізіліп жатқан 6 жолақты Ақжол көшесі ашылды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Өндірістік аймақ көшесі ауданында өткізу қабілетін арттыру мақсатында Ақжол көшесіне (бұрынғы Угольная көшесі) қарай тағы бір жол салу туралы шешім қабылданған еді. Қазіргі күні бұл жолда уақытша бағдаршам құралдары қойылып, 6 жолақты жол ашылды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақжол көшесінің жолы екі жолақты болатын», - делінген таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, басқарманың баспасөз қызметі ЖПБ жол қадағалау бөлімінің бастығы Нұрлан Ұбаевтың сөзіне сілтеме жасап, төмендегідей ақпарат таратады: «Көшені абаттандыру, техникалық құралдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру жұмыстары кем дегенде алдағы жылы аяқталады». ЖПБ бұл шешімді «аталмыш көшені қайта жөндеу жобасы 2011 жылға өтпелі болуымен» түсіндіреді.

Соңғы жаңалықтар