Астанада ұйқы күре тамырына ота жасаудың инновациялық әдісі енгізілді

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - №2 қалалық ауруханада ұйқы күре тамырына ота жасаудың инновациялық әдісі енгізілді.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады. Бұл әдіс тарылған тамырдың саңылауына стент - каркас рөлін атқаратын цилиндр түріндегі жіңішке сым конструкциясын орнатуға негізделген. Ол тор түріндегі арнайы инерттік қорытпалардан жасалады, ұйқы күре тамырының ішінде түзетіліп, жақтарын жазып тұрады. 30-40 минутқа дейін жалғасатын операция кезінде жергілікті анестезия жасалады. Пациенттердің жағдайы отадан кейін қанағаттанарлық болса, үш тәуліктен кейін ауруханадан шығарылады.

Бұдан басқа, №2 қалалық аурухананың базасында ресейлік әріптестермен (Ростов на Дону қ.) бірлесіп, интервенциялық хирургтің жетекшілігімен отадан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін проксималды қорғаушы баллонмен «Ұйқы күре тамырын стенттеу» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Шара аясында 5 ота сәтті жасалды.

Айта кетейік, ұйқы күре тамырының жақтарында түйіндіктердің қалыптасуының салдары ауыр болады. Түйіндіктер - тромб туындаған және күре тамыр саңылауы толықтай бітелген жерлер, бұл өз кезегінде бас-ми инсультына және адамның өліміне соқтырады.

Соңғы жаңалықтар