Астанада V Қазақстан әйелдерінің форумы өтеді

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - 2009 жылғы наурыздың 5-6-сы күндері Астана қаласында V Қазақстан әйелдерінің форумы өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Биылғы форум ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 10 жылдығына арналады. Форумға Елбасы қатысып, сөз сөйлейді деп күтілуде. Сондай-ақ осы кездесуге Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, ҚР Парламентіндегі әйел депутаттар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, халықаралық институттардың, ғылым, білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларының өкілдері, барлығы 250-300 адам қатысады.Аталмыш шара 2009-2011 жылдарға арналған ҚР Президенті Әкімшілігі жұмысының Стратегиялық жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда.
Соңғы жаңалықтар