Астанада XI халықаралық «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» көрмесі өтеді

Көрме мектепке дейінгі, орта, орта арнайы, жоғары және қосымша кәсіби білім, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары, шетелде білім алу, шетелдегі жеке меншікті мектеп-пансиондар, шетелдік ЖОО-ларда оқуға стипендиялар мен гранттар туралы ақпарат, халықаралық емтихандарға (TOEFL, IELTS, GMAT, GRE) дайындалу, шетелде сынақ ісінен өту секілді бөлімдер қамтылады. Мұнымен қоса онда шет тілдері, білімдегі ақпараттық технологиялар, бұқаралық және электронды кітапханалар, оқу орындарына арналған жиһаз, кеңсе тауарлары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы қондырғылар мен жиһаз сынды негізгі бөлімдер бойынша өтеді.
Іс-шараның басты міндеті мен мақсаты - еліміздің экономикалық және әлеуметтік өсуі үшін қажетті мамандықтар мен кәсіптерді насихаттау, білім және ғылым саласында мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Еске сала кетейік, бұған дейінгі көрмеге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Венгрия, Германия, Қытай, Малайзия, Сингапур, Корея Республикасы, Түркия, Чехия, Швейцария елдерінің білім және ғылым саласындағы 70 астам жетекші ұйымы мен мекемесі қатысты.