Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада заңсыз тағайындалған 2,9 млн теңге зейнетақы төлемі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы қалалық Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов айтты.

2026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі
Фото: Kazinform

– 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Астанада зейнетақы істерін тексеру барысында жалпы сомасы 2,9 млн теңгені құрайтын зейнетақы төлемдерін заңсыз тағайындаудың 22 жағдайы анықталды. Қазіргі таңда анықталған заңсыз төлемдердің 2 млн теңгеден астамы республикалық бюджетке қайтарылды, - деді департамент басшысы.

Ведомство басшысы мемлекеттік қызметтерді көрсетумен қатар зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде заңнаманың сақталуына тұрақты түрде мемлекеттік бақылау жүргізетінін атап өтті.

Сондай-ақ ол азаматтарды зейнетақы төлемдерін рәсімдеу кезінде тек шынайы мәліметтерді ұсынуға және заңнама талаптарын сақтауға шақырды.

Айта өтейік, Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобын құрған еді.