Астанада заңсыз миграция мәселесі өткір тұр

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Астанада заңсыз миграция мәселесі өткір тұр.
None
None
Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінде Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың және Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен 2008 жылдың жұмыс қорытындысына арналған жиында ІІД бастығы Марат Демеуов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Жұмыс орындарының қысқаруы, әсіресе құрылыс секторында миграция проблемасын биыл да ушықтыра түсетін түрі бар. Еңбек мигранттарының қозғалысын анықтау үшін былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап жүйелі жұмыс жасап келеміз», дейді М.Демеуов.Былтыр ішкі істер қызметкерлерімен қаладағы саяжайларда, жатақханаларда және қонақүйлерде 120-ға тарта жедел-іздестіру шаралары өткізілді. 7 мың шетелдікке әкімшілік шаралар қолданылды. 200-і елдеріне қайтарылды. Заң бұзған 30-ға жуық жұмыс беруші жазаланды.
Соңғы жаңалықтар