11:28, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Астанада жалған құжатпен 15 жасар ауған азаматы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» шекаралық бақылау отрядының бақылаушылары жалған құжат көрсеткен 15 жастағы Ауғанстан елінің азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

«Бішкек - Астана» бағытындағы КС 152 халықаралық әуе рейсін рәсімдеу кезінде 1994 жылы туылған Дания азаматының атына берілген жалған құжат анықталды.
Күдікті жолаушы Қазақстан арқылы транзитпен ұшып бара жатқан болып шықты. Оның айтуынша, Кабул қаласынан Бішкекке ұшып келіпті, одан Астанаға келіп, бұдан әрі Лондонға, Ганноверге ұшуды жоспарлаған. Тексере келгенде, жолаушының қолында транзиттік билеті мен ұшаққа отырғызу талоны болмай шықты.
Қазір жедел тергеу амалдары жүргізілуде.