Астанада жаңа өндірістік база салу жобасы аясында 50 жұмыс орны ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен өндірістік база мен қойма салу және пайдалану жобасын жүзеге асырып жатқан компанияның мүдделерін қорғады. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Астанада жаңа өндірістік база салу жобасы аясында 50 жұмыс орны ашылады
Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Жоба елорданың логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Бұл шара экономикалық тиімділікті арттырып, жүктерді тасымалдау және сақтау шығындарын төмендетуге ықпал етеді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 50 жаңа жұмыс орны ашылады.

Алдыңғы кезеңде инвестор электрмен жабдықтау үшін техникалық шарттарды алу барысында мемлекеттік органның негізсіз бас тартуына тап болған.

Астана прокуратурасының араласуынан кейін мәселе қысқа мерзімде шешіліп, қажетті құжаттар беріліп, құрылыс жұмыстары қайта басталды.

Инвестициялық жобаларды қолдау және бизнес құқықтарын қорғау мәселелері қадағалау органының тұрақты бақылауында тұр.

Бұған дейін елімізде фармацевтикалық өндіріс көлемі 8,2%-ға өскенін жазған едік.