12:48, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Астанада жаңбыр жауып, қатты жел соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екатеринбург ауданындағы циклон Қазақстанға ауысып, тұтастай ел аумағына, соның ішінде Астанаға әсер етеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді, бұршақ болады.

Бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал. Ауа температурасы күндіз +16...+18°С, түнде +11...+13°С болады, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады.
28 маусым, сейсенбі күні күн жаңбырлы болады, күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +21...+23°С, түнде +10...+12°С болады.
Сәрсенбі күні бұлтты болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +18...+20°С, түнде +13...+15°С болады, деп жазады astana.gov.kz.