Астанада жас депутаттардың форумы өтті

 СТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстанның жас депутаттар форумы өтті.
None
None

Форумда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы" идеясы төңірегінде біріктіру және оны сайлау округтер бойынша жүзеге асыру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар 2020 жылға дейінгі Жастар саясатының мемлекеттік тұжырымдамасы талқыланып, жастарды қоғамдық-саяси процестерге, өз өлкелеріндегі мәселелерге белсенді араласуға тарту тетіктері жасалмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум сайлаушылардың мәселелерін жедел шешетін барлық деңгейдегі жас депутаттардың бірлескен жұмысын жандандыруға септігін тигізеді.

«Біз бүгін осындай деңгейдедегі жас депутаттардың форумын алғаш рет өткізіп отырмыз. Бұл бұрыннан келе жатқан арман еді. Бұдан былай бізде кездесулер өткізіп, түйткілді мәселелерді талқылайтын алаң бар», - деді шараның ашылу салтанатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев.   

«Бізде сайлаушылар мен партия алдында үлкен жауапкершіліктер тұр. Біздің басты мақсатымыз - партияның сайлауалды бағдарламасы мен сайлаушылар алдында берген уәделерді орындау бойынша мазмұнды диалог құру. Бұл сұхбатты дәл осы жерде, біздің форумда ұйымдастыра аламыз», - деп атап өтті мәжілісмен.

Қазақстанның жас депутаттар форумына Қазақстанның барлық деңгейдегі мәслихатының депутаттары, студенттік және жастар бірлестіктерінің басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Шараны «Нұр Отан» ХДП мен ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар