Астанада жастарға арналған 24 денсаулық орталығы жұмыс істейді

Жастар
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада қазіргі уақытта жастарға арналған 24 денсаулық орталығы жұмыс істейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Жастарға арналған денсаулық орталығы (ЖДО) – жасөспірімдер мен жастарға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін орталық. Елордада мұндай орталықтар 2021 жылдан бастап дербес жұмыс істеп келеді.

медицина
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылы қала бойынша ЖДО саны едәуір өсті, бұл өз кезегінде жастар мен жасөспірімдер үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға әкелді.

Мәселен, егер 2022 жылы ЖДО мамандарына 52 мыңнан астам адам жүгінсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 2,2 есеге – шамамен 116 мың адамға дейін артты.

Соңғы жаңалықтар