Астанада жауапты бизнес жүргізу мәселелері бойынша ЭЫДҰ семинары өтті (ФОТО)

«Бүгінгі таңда министрліктің міндеттерінің бірі - Қазақстанның ЭЫДҰ инвестициялық комитетіне қосылуы», - деді инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров.
Шара соңында еліміздің халықаралық инвестициялар мен көпсалалы кәсіпорындар туралы ЭЫДҰ Декларациясына қосылуы туралы шешім қабылданады.
«Инвесторлар үшін бұл біздің инвестициялық климаттың аталған ұйымның жоғары стандарттарына сәйкестігінің көрсеткіші болмақ», - деп атап өтті Е.Қайыров.
Семинарға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес және кәсіби одақ ұйымдарының, өнеркәсіптік қауымдастықтардың өкілдері мен шетелдік инвесторлар қатысты.
Бүгінгі таңда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүшелігінде 34 ел бар. Әлемдік өнеркәсіптік өндірістің алпыс пайызға жуығы осы елдерге тиесілі.