Астанада жел күшейіп, 12 облыста қолайсыз ауа райы күтіледі

АСТАНА. KAZINFORM — 1 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, тұман және қатты жел күтіледі. Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.

Астанада жел күшейіп, 12 облыста қолайсыз ауа райы күтіледі
Фото: Акорда

Астанада оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Қалада өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматыда кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Абай облысының орталық бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Солтүстік және орталық аудандарда өрт қаупі жоғары, ал солтүстік-батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Ал батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында өрт қаупі жоғары, ал өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Осы аудандарда оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Облыстың шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың шығысы мен таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі, ал шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Өңірдің шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз таулы аймақтарда нөсер жауын, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Түнде таулы аймақтарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге, кей жерлерде 23 метрге дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік және шығыс аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда облысында батыстан соғатын жел күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында және орталығында секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары болады. Ал солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Өңірде өрт қаупі жоғары, ал солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.