Астанада жеңіл көлік аударылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол көлік оқиғасы салдарынан «Hyundai Accent» көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Астрахань тас жолының бойындағы қалалық зираттың маңында болды. «Hyundai Accent»  маркалы жеңіл көлік  пен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысқан. 

Қазіргі кезде оқиға орнында жол патрульдік полиция мен жедел жәрдем қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Əзірге зардап шеккендер туралы мəлімет жоқ.

Соңғы жаңалықтар