Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі Ақмола облысынан табылды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағынан табылды. Қозғалған қылмыстық істі астаналық полицейлер тергеп жатыр.

Ақмола облысы ПД қызметінің мәліметінше, Астана тұрғынының өліміне байланысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Істі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс аумақтық жағынан Астана қаласының полиция департаментіне беріледі», - деп түсіндірді ведомстводан.
ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайда әйелдің күйген денесі табылғанын жазған едік. Сондай-ақ Степногор қаласында медициналық анықтамаларды қолдан жасау дерегі анықталғанын хабарлаған болатынбыз.