Астанада жол апатынан 3 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 3 адам қаза тапқан жол апаты кеше, 26 қаңтар күні сағат 23:00-дер шамасында тіркелген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада жол апатынан 3 адам қаза тапты

«ВАЗ-21705» автокөлігінің жүргізушісі Амман көшесімен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай «Toyota Runner» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Ал сол көліктегі тағы бір жолаушы ауруханада жан тапсырды. «ВАЗ» бен «Toyota Runner» көліктерінің жүргізушілері әр түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған оқиға сотқа дейінші тергеу амалдарының бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды.