Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше жабылды
Астанада Ұлы Дала даңғылынан Ж. Молдагалиев көшесіне дейінгі учаскеде Ш. Айтматов көшесінің екінші қабатын салу бойынша жұмыстардың басталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

— Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлы Дала даңғылынан Ж. Молдагалиев көшесіне дейінгі учаскеде Ш. Айтматов көшесінің екінші қабатын салу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді, — делінген хабарламада.
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 11 мен 27 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетелік Астанада Республика мен Абай даңғылдарының қиылысы уақытша жабылған еді.