Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты қай көшелер жабық
АСТАНА. KAZINFORM — Астана әкімдігі 23 сәуірде жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған жолдар туралы соңғы мәліметтерді таратты.

Толығымен жабылған көшелер:
- осы жылдың 20 сәуірінен 20 тамызына дейін Қ.Қайсенов көшесінің Бұқар Жырау көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскесі жабылды;
- осы жылдың 9 сәуірі мен 30 тамызы аралығында Күйші Дина көшесі М.Жұмабаев даңғылынан Мирас мектебіне дейін жабылды;
- осы жылдың 22-26 сәуір аралығында Көктал көшесі Н. Тілендиев даңғылынан Оқжетпес көшесіне дейін (бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта қамтамасыз етілген) жабылды;
- осы жылдың 19 сәуірі мен 10 мамыры аралығында Гауһартас көшесі Телқоңыр көшесінен Тұран даңғылына дейін (бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта қамтамасыз етілген) жабылды;
Жартылай жабылған көшелер:
- осы жылдың 21-28 сәуір аралығында Сарыбұлақ көшесі Тілендиев даңғылынан Маскеу көшесіне дейін жабылды (бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта қамтамасыз етілген);
- осы жылдың 20-30 сәуір аралығында Ш.Бөкеев көшесінің Оқжетпес көшесінен түбіне дейін аралығында жабылды (бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта қамтамасыз етілген);
- осы жылдың 19 сәуірінен 25 сәуіріне дейін Мәңгілік Ел даңғылы Сарайшық/Мәңгілік Ел жол айрығынан Ф.Оңғарсынова көшесіне дейін жабылды (бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта қамтамасыз етілген). Жол төсемінің беткі қабатын ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстың бәрі кепілдік міндеттемелердің бөлігі болып саналады және оларды орындау мердігерлік ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылады.