10:50, 22 Сәуір 2023 | GMT +5
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелер жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада жөндеу жұмыстарына байланысы кейбір көшелер бойынша жол жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат – Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қалалық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жол жүру бөлігін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды»,-делінген басқарманың бапасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осыған қарай биылғы 22- 26 сәуір аралығында Р.Қошқарбаев көшесінің қиылысы - Әл-Фараби даңғылы тұрғын үй алабы Железнодорожный оң жақ шығыс бағытындағы, сондай-ақ Әл-Фараби даңғылынан Р.Қошқарбаев бағытындағы көтерілісі жабылады.
