Астанада ЖОО студенттері арасында дәстүрлі спартакиада басталды

ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астанада жоғары оқу орындары студенттерінің арасында дәстүрлі спартакиада басталды.
None
None

Спартакиаданың салтанатты ашылуы кеше, 23 қараша күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің спорт кешенінде өтті. Жарыстардың ашылуына Астана қаласы Туризм және спорт басқармасы спорт бөлімінің бастығы Самат Қабдуллин арнайы келіп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Биылғы жылғы спартакиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Елорданың 10 жоғары оқу орнының студенттері спорттың 17 түрі бойынша өзара бәсекеге түсетін болады. Жарыстардың алғашқы легін сол күні волейболшы қыздар бастады.

Шара барысында сондай-ақ, 2010-2011 оқу жылында өткен спартакиаданың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Астана қаласы Туризм және спорт басқармасының кубогын және жалпыкомандалық 1-інші орынды С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ иеленді.

Соңғы жаңалықтар