Астанада «Жүрек жылуы» акциясы өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай елордада  «Жүрек жылуы» акциясы өтіп жатыр. Бұл игі бастамаға алғашқы болып «Алматы» ауданы әкімінің аппараты, Астана қаласының Жастар саясаты басқармасымен бірлесе отырып кірісті. 
None
None

Ауқымды іс-шараға ауданның белсенді жастар қоғамдық бірлестіктері мен өндіріс орындарының жас мамандары, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Еуразия гуманитарлық институтының студентері де атсалысуда, деп хабарлайды astana.kz.

Осылайша белсенді топ өкілдері Железнодорожный тұрғын алабында жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық  танытып, тұрғын үй аулаларын қардан тазартты.

Сонымен қатар, «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің қызметкерлері Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп Көктал және Өндіріс тұрғын алабтарында қариялардың тұрғын үйлерінің ауласын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Жалпы, шараға 200 аса адам тартылды.

 

Соңғы жаңалықтар