Астанада жылдың басынан бері 12 496 пәтер пайдалануға берілді

Жылдың басынан бастап тұрғын үй құрылысына инвестиция салу көлемі 107 142,2 млн теңгені құрады, елорданың кәсіпкерлері мен ұйымдары 370 380,2 млн теңгеге құрылыс жұмыстарын (қызмет көрсету) жүргізді. Көлемі бойынша жалпы көлемнің неғұрлым көп үлесі жеке мердігерлік ұйымдардың құрылыс жұмыстарына тиесілі, ол - 65,5%-ды құрайды, шетел мердігерлері 34,4%, мемлекеттік ұйымдар - 0,1% орындады.
Астана қаласының Статистика департаменті хабарлағандай, құрылыс жұмыстары құрылымының жалпы көлемнің 97,3%-ы құрылыс-монтаждау жұмыстарына, 1,6%-ы - күрделі жөндеуге, 1,1%-ы ағымдағы жөндеуге жұмсалады.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің елеулі үлесін тұрғын үй мен тұрғын емес ғимараттарды салу жұмыстары алады. Бұдан бөлек, қазіргі кезде жалпы алаңы 88,55 шаршы метр 1 582 пәтерді 2016 жылы пайдалануға беру мерзімімен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді салу жалғасуда.