Астанадағы ақылы тұрақтар коммуналдық меншікке қашан қайтарылады

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Астана тұрақ кеңістігіне» қатысты мәселені шешу жұмыстары қай кезеңде екенін және тұрақ тарифіне қатысты түсінік берді.

ақылы тұрақ
Фото: Астана әкімдігі

Атап айтқанда, бұған дейін «Астана тұрақ кеңістігі» компаниясы коммуналдық меншікке өтетіні және осыған тиісті мерзім керек екені айтылған еді. 

— Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартын бұзу туралы сот процесі жалғасып жатыр. Барлық заңды процедуралар аяқталғанға дейін ақылы тұрақтардың тарифтеріндегі ықтимал өзгерістер туралы айту ерте, — делінген басқарманың Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Еске салсақ, биыл сәуір айында Астана әкімі елордадағы ақылы тұрақтар жаңа инвесторға берілуі мүмкін деген мәліметтерді теріске шығарды.

Бұған дейін мекеменің мүлкін түгендеу жұмыстары жүріп жатқаны мәлім болған еді. 

Соңғы жаңалықтар