Астанадағы әскери бөлімде ата-аналар сарбаздардың тұрмысы және қызметімен танысты

АСТАНА. KAZINFORM — «Астана» өңірлік қолбасшылығының 31775 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілердің ата-аналарына ашық есік күні өтті. Іс-шара әскери-патриоттық акциясы аясында ұйымдастырылды.

ашық есік күні
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл Қарулы күштердің ашықтығын арттыруға және сарбаздардың әскери қызметті өткеру жайы туралы олардың отбасыларын ақпараттандыруға бағытталды.

Әскери бөлім аумағының кіреберісінде ата-аналарды өз ұлдары қарсы алды. Сарбаздар туған-туыстарын бөлім аумағында да өздері ертіп жүрді. Бағдарлама Батырлар аллеясында гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Ата-аналарға Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында құрылған, ондаған жылдар бойы елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және Отан қорғаушыларын тәрбиелеуге үлес қосып келе жатқан әскери бөлімнің тарихы таныстырылды.

ашық есік күні
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қонақтар ұлдары оқып-жаттығатын қару-жарақ пен әскери техниканы көрді. Бөлімше командирлері жауынгерлік даярлық процесі туралы жан-жақты айтып, оқу сыныптарын және жеке құраммен өткізілетін сабақтардың түрлерін көрсетті.

ашық есік күні
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ата-аналарға казармаларды аралау ерекше қызығушылық тудырды. Олар сарбаздардың тұрмыс жағдайын көріп, үй-жайлардың тәртібі мен жабдықталуын бағалады. Әскери қызметшілердің тұрмысын жайлы етуге арналған қосымша мүмкіндік ретінде заманауи техникамен жабдықталған жаңа монша-кір жуу кешені қызмет етеді. Ата-аналардың көбі әскери қызмет жағдайы өздерінің бұрынғы түсініктерінен айтарлықтай өзгеше екенін атап өтті.

ашық есік күні
Фото: Қорғаныс министрлігі

Экскурсиядан кейін әскери бөлім басшылығымен кездесу өтті. Ата-аналар бөлім басшылығына, әскери прокурорға, одан басқа «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» РҚБ өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Әңгіме барысында тұрмыс, оқу-жаттығу және әскери қызметшілердің құқықтарының сақталуы мәселелері талқыланды.

— Біз үшін ата-аналардың қызмет жағдайын өз көздерімен көріп, командирлермен ашық сөйлесіп, кез келген сұрақты қоя алуы аса маңызды. Ашықтық пен сенім — жұмысымыздың негізі. Әрбір сарбаз біз үшін бір үйдің баласы, біз оның қауіпсіздігіне, дайындығына және лайықты қызмет жағдайына жауаптымыз, — деп атап өтті «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Махсут Гусейнов.

ашық есік күні
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ашық есік күні сарбаздар асханасында бірге түскі ас ішумен аяқталды. Ата-аналар әскер тағамынан дәм татып, ұлдарымен бейресми жағдайда уақыт өткізе алды.

— Жаңа жыл қарсаңындағы бұл кездесу бізге керемет сый болды. Барлығын өз көзімізбен көріп, сарбаздардың жақсы жағдайда тұрып жатқанын, барлығы жеткілікті қамтамасыз етілгенін білдік. Осындай мүмкіндік жасаған бөлім басшылығына үлкен рахмет, — деді сарбаздың анасы Гүлдана Жаналина.

ашық есік күні
Фото: Қорғаныс министрлігі
ашық есік күні
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ашық есік күнінің өткізілуі армия мен қоғам арасындағы сенімді нығайтудың маңызды қадамы болды. Мұндай іс-шаралар ата-аналарға балаларының лайықты жағдайда қызмет өткеріп жатқандығына, ал даярлықты тәжірибелі әрі сенімді командирлер жүргізіп отырғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді. 

Айта кетелік Ерлан Қарин әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырған еді

Соңғы жаңалықтар