Астанадағы автобус апаты: аяғынан айырылған қыз бала мемлекеттік жәрдемақы алады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада автобус апатынан екі аяғынан айырылған 8 жастағы қыз балаға мемлекеттен жәрдемақы беріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы: еліміздің қай өңірінен көп өтініш түскені белгілі болды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«8 жастағы қыз бала жапа шеккен жол-көлік оқиғасына қатысты айтар болсақ, бұл бағытта негізінен Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда оған шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Медициналық көмек пен оңалту бойынша қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін оған республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы төленетін болады», – деді Виктория Шегай.

Сондай-ақ ол қыз баланың анасына мүмкіндігі шектеулі баланың күтіміне байланысты жәрдемақы төленетінін айтты.

Вице-министр жәрдемақының нақты сомасын атамады, бірақ баланың еңбекке қаншалықты жарамсыздығына байланысты жеке есептелетінін атап өтті.

Бұған дейін Астана әкімдігі автобус апатынан зардап шеккен баланың отбасына 30 млн теңгедей берілетінін хабарлады

Күні кеше зардап шеккен баланың анасы - Алуаның отбасына әкімдік 4 бөлмелі пәтер сыйлады

Соңғы жаңалықтар