Астанадағы Backstreet Boys концертіне арнайы шаттл-автобустар қатынайды
АСТАНА.KAZINFORM – Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді.

Астана әкімдігінің мәліметінше, көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады.
Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.
Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады:
– «Астаналық цирк» автотұрағы;
– «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
– «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
– Орталық саябақ автотұрағы;
– «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ.
Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Айта кетелік Backstreet Boys концертіне 12 мың турист Астанаға келеді.