Астанадағы баяу бұрқасын: елордалық ТЖД тұрғындарға үндеу жолдады

Астанада қатты жел мен бұрқасын жалғасуда. Қалалық ТЖД жүргізушілерден қозғалыс кезінде өте сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

бұрқасын
Фото: Астана әкімдігі

«Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті „Қазгидромет“ РМК деректері бойынша 8 қарашада түнде қарлы боран күтілетінін хабарлайды. Түнде оңтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/с болады», — деп ескертті құтқарушылар.

Ведомство жүргізушілерге жолда өте мұқият болуды сұрады.

Астана ТЖД азаматтарға қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

— ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);

— балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;

— егер сіз қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісте немесе дүкенді паналаңыз;

— үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;

— қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;

— қатты желде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

— жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.

Соңғы жаңалықтар