Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр

АТЫРАУ. KAZINFORM — Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында білім беру ұйымдарында бірыңғай форматта тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

Соның бірі Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен елорданың № 101 жалпы орта білім беретін мектебінде жалғасты.

Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

— Бұл бастама жас ұрпақтың денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін дамытуға және қоғамда тазалық құндылықтарын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді, — дейді ұйымдастырушылар.

Бірыңғай флешмоб барысында оқушылар тазалық пен салауатты өмір салтын дәріптейтін түрлі спорттық би қойылымдарын қойып, ұжымдық әрекеттер ұйымдастырды.

Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

Айта кетейік, мұндай іс-шара жас ұрпақты дені сау, саналы және қоршаған ортаға жанашыр азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Бұдан бұрын «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын көрнекі сүйемелдеу мақсатында заманауи брендбук әзірленгенін жаздық.