Астанадағы Достық пен Қонаев көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Достық пен Дінмұхаммед Қонаев көшелерінің бойында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанадағы Достық пен Қонаев көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Астана әкімдігі

Осыған байланысты, 18-23 маусым аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылады. 

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар