Астанадағы Есіл өзеніне 500 мыңнан астам тұқы шабағы мен ақ амур жіберілді

АСТАНА. KAZINFORM — 29 қыркүйекте Есіл өзеніне балық жіберудің алғашқы кезеңінде орташа салмағы 10 грамм болатын 367 мыңнан астам тұқы шабақтары жіберілді. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Астанадағы Есіл өзеніне 500 мыңнан астам тұқы шабағы мен ақ амур жіберілді
Фото: АШМ

Жыл сайынғы балықтандырудың мақсаты — табиғи су айдындарындағы балық қорын сақтау және оны тиімді пайдалану, сондай-ақ қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау. Бұл жұмыстардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Астанадағы Есіл өзеніне 500 мыңнан астам тұқы шабағы мен ақ амур жіберілді
Фото: АШМ
Астанадағы Есіл өзеніне 500 мыңнан астам тұқы шабағы мен ақ амур жіберілді
Фото: АШМ

Осы ретте, 29 қыркүйекте Есіл өзеніне балық жіберудің алғашқы кезеңінде орташа салмағы 10 грамм болатын 367 мыңнан астам тұқы шабақтары жіберілді.

Астанадағы Есіл өзеніне 500 мыңнан астам тұқы шабағы мен ақ амур жіберілді
Фото: АШМ
Астанадағы Есіл өзеніне 500 мыңнан астам тұқы шабағы мен ақ амур жіберілді
Фото: АШМ

Қазан айында екінші кезеңі өтеді. Онда «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңындағы Есіл өзеніне қосымша 237 мыңнан астам ақ амур жіберіледі. 

Айта кетелік балық шаруашылығы субъектілерін E-fish жүйесінде тіркеу күшіне енді

Соңғы жаңалықтар