Астанадағы көшелердің бірінде жол төсеу жұмыстары жүргізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы маңызды көшелердің бірінде жол төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жол жөндеу
Фото: Астана әкімдігі

Ағымдағы жылғы 26–28 маусым аралығында Сығанақ көшесінде Арыс көпірінен (М-3) Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

— Осыған байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерулерін сұраймыз, — делінген хабарламада.

Астанадағы көшелердің бірінде жол төсеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін Астанада арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 18 ұйым лицензия алғанын жазғанбыз.