Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының төбесі опырылды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Нұрлы жол» вокзал кешені 3-қабатында төбе жабынының бір бөлігі құлағанын растап, себебін мәлімдеді.

Астана вокзал
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 22 шілде күні сағат 19:45–те «Нұрлы жол» вокзал кешені 3-қабатында төбе жабынының бір бөлігі құлау фактісі тіркелді.

— Вокзал кешенінің қызметкерлері аталған аумаққа тексеру жүргізіп, нөсер кәрізі жүйесіндегі құбырлардың жалғанған тұсы зақымдалғаны анықталды. Құбырлардың жігін саңылаусыздандыру және нөсер кәрізі жүйесі құбырларының қосылған тұстарын қалпына келтіру жұмыстары толық орындалды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, ақау шыққан аумақ тазартылып, жуылды. Сондай-ақ, қалдықтар шығарылды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Астана-1 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қашан аяқталатынын жазғанбыз.