Астанадағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Дәрігерлер Астанадағы Жиенқұлов көшесінде болған газ баллоны жарылысынан зардап шеккендердің жағдайын айтты.
Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабына сәйкес, оқиғадан төрт адам зардап шеккен.
— Оның екеуі № 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды. Бір науқасқа амбулаториялық ем тағайындалып, үйіне жіберілді. Тағы бір адам № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ауруханаға жатқызылғандар жансақтау бөлімінде жатыр, — делінген басқарманың ресми жауабында.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Жиенқұлов көшесіндегі тандырхана ғимаратында газ баллоны жарылғанын хабарлаған едік.