Астанадағы №6636 әскери бөлімнің жауынгерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанадағы №6636 әскери бөлімде Жеңіс күні мерекесіне арналған шара өтті. Шараға Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлері мен тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушылар, сондай-ақ әскери азаматтар қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Онда ардагерлер әскери бөлім қызметкерлерінің Жеңіс күні мерекесіне арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Жауынгерлер әскери әндерді шырқап, сахналық көріністер қойды. Сонымен қатар онда соғыс құрбандарын еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ әскери бөлімде орналасқан тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстардың құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері сұрапыл соғыс жылдарындағы оқиғалар жөнінде және соғысқа қатысқан қазақстандық жауынгерлердің ерлік істері жөнінде әңгімеледі.
Соңғы жаңалықтар