Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіру спортынан «Әлем кубогы» сайыстарының ІІ кезеңі басталды

Атап айтқанда жарыстар Б дивизионында 500 метр қашықтықта әйелдер арасындағы сайыстардан басталды. Қазақстан спортшысы Екатерина Айдова бұл қашықтықта 8-ші көрсеткішті көрсетті.
Ұлттық құраманың бас бапкері Вадим Саютин Е. Айдованың осындай көрсеткішін оның денсаулық жағдайымен түсіндіріп отыр. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы жақында тамағына суық тиіп, ауруханада жатып шыққан еді. Алайда, Е. Айдова ертең 1000 метр қашықтықта жақсы көрсеткішке қол жеткізетініне үміт артуда.
500 метр қашықтықта ерлер арасында Виктор Глущенко 4-ші көрсеткіште тұрақтады. Бірақ та Кубок сайысындағы осы Б девизионында Александр Глущенко жүріп өткен уақытында 17-ші, ал Роман Креч 19-шы көрсеткіште болды.
Айта кетейік, жарыста әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен 300-ден астам спортшы бұл додада бақтарын сынайды. Олардың арасында Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен Еуропа чемпиондары және рекордшыспортшылар бар.
Естеріңізге сала кетейік, конькимен жүгіру спортынан «Әлем кубогы» сайыстарының І кезеңі жақынд Челябіде өткен болатын.