Астанадағы әуе базасын құру жұмысы бюджетте қарастырылған ? В.Божко

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елбасының берген тапсырмасына сәйкес біз Боралдай әуежайындағы авиацияның бір бөлігін Астана қаласына көшіруіміз қажет. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай айтты,

Астанадағы әуе  базасын құру жұмысы бюджетте қарастырылған ? В.Божко
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Соның нәтижесінде біз еліміздің солтүстік аймақтарын, оның ішінде Бурабай курортты аумағын өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ете аламыз. Бүгінде осы жұмысты атқаруға қажетті техникалық-экономикалық негіздеме бар. Бюджетте Астанадағы әуе базасының құрылысына бөлінетін қаржы қарастырылған», - деді В.Божко. Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда отандық құтқару қызметі қосымша 7 ұшақ және тікұшақпен жасақталған. Алдағы уақытта Шортан қаласы мен Бурабай кентінде 30 өрт сөндіру депосын салу жоспарланған.