Астанадағы ауқатты коттедждерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - ІІМ

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Криминалдық полиция қызметкерлері Астанадағы ауқатты коттедждерді тонаумен айналысқан қылмыстық топты Семей қаласында ұстады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, 22-26 жас аралығындағы төрт қылмыскер - Астана қаласының тұрғыны. Астананың ауқатты аудандарындағы коттедждерді тонаумен айналысқандар өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында пластикалық терезелерді ашу арқылы үш бірдей үйді тонаған. Мәселен, желтоқсан айында аталған қылмыстық топ 35 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, 160 мың АҚШ доллары мен жеке мүлкін ұрлап кеткен. Сондай-ақ келесі күні олар 59 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен ірі сомадағы ақшасы мен алтын бұйымдарын ұрлап, жәбірленушіге 9,5 миллион теңгеге шығын келтірген. «Қазіргі кезде күдіктілерден 6 мыңға жуық АҚШ доллары және алтын бұйымдары тәркіленіп отыр», - дейді Қ.Жұманов.

Соңғы жаңалықтар