Астанадағы дәріханалардың бірінен «Эссенциале форте Н» жалған дәрілік препараты табылды

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астанадағы дәріханалардың бірінен «Эссенциале форте Н» жалған дәрлік препараты табылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Фармацевтикалық бақылау комитеті мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қаласындағы департаменті 2009 жылғы шілденің 9-ында қаланың №2 шағын ауданындағы 13-ші үйде орналасқан жеке кәсіпкер Мәжитованың дәріханасында  «Эссенциале форте Н» жалған дәрлік препаратын тапты. Аталған препараттың жалғандығын өндіруші «Санофи Авентис Групп» зертханасы мен «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының зертханасы растап берді», деді бүгін Астанадағы брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Сыздық Баймұқанов.

 Оның айтуынша, жалған дәрілік заттың анықталу фактісі бойынша материалдар Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына берілген. Жоғарыдағы дәріханада жалған дәрілік зат  оны өндіруші фирманың өтініші бойынша табылған. «Қатардағы тұтынушылар мынаны білуі тиіс: Қазақстанның заңнамасына сәйкес, еліміздің дәріханаларында сатылатын барлық дәрілік препараттардың нұсқаулығы  мемлекеттік тілде  және орыс тілінде жазылуы тиіс. Сондықтан, егер дәрінің қабында тек бір тілде ғана жазу болса, бұл оның жалғандығының алғашқы белгісі. Бүгінде сұранысы жоғары препараттарды жалған түрде жасау көбейген», деді ол. С. Баймұқанов қазіргі таңда еліміздегі барлық дәріхана мекемелері тексеріліп жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар