Астанадағы дүкеннде адам денсаулығына қауіпті нан қоспасы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті құрамында гендік-түрлендірілген ингридиенттері мөлшерден асып кеткен нан қоспасын (кляр) анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласындағы «Домашний продукт»  супермаркетінде (38 көше, 4 үй) өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында құрамында бидай ұны, жүгері крахмалы, ашытқы, тұз және қара бұрыш салынған «Кляр» сауда атауы бар адам денсаулығына қауіпті нан қоспасын анықтады», - делінген хабарламада.

Зертханалық сараптама нәтижесі өнімде генетикалық түрлендірілген сояның сандық құрамы 7-ден 110 есеге дейін, сондай-ақ құрамы 0,9% рұқсат етілген жағдайда жүгерінің 1,6% - ға дейін артуын анықтады.

Сонымен қатар, өнім қаптамасында гендік-түрлендірілген ингридиенттердің құрамы туралы ақпарат көрсетілмеген.

Естеріңізге сала кетейік, азық-түлік өнімдеріндегі генетикалық түрлендірілген ағза құрамының рұқсат етілген нормасы Алиментариус кодексінің Халықаралық тамақ стандарттарына сәйкес 0,9%-дан аспайды және ол міндетті түрде қаптамада көрсетілуі тиіс.

Аталған өнімнің өндірушісі-Оңтүстік Корея компаниясы «Nulpureun Co.Ltd» ЖШҚ импорттаушы «ҚОФ» (Ресей Федерациясы).

Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық орган өнімді анықтау және айналымнан алып тастау жөнінде қажетті шаралар қабылдауда.

Дүкен сөрелерінде аталған сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 (7172) 74-27-04  нөмірі бойынша комитетке немесе оның аумақтық департаменттеріне (kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында көрсетілген) жүгінуге болады.

 

  

  

Соңғы жаңалықтар