Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне орай жүзден астам бренд шығарылады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада халықаралық көрме қарсаңында 100-ден астам «Astana EXPO-2017» бренд өнімін шығару көзделуде. Бұл туралы бүгін отандық компаниялармен кездесуі кезінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ коммерциаландыру департаментінің директоры Илья Оразақов мәлім етті.

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне орай жүзден астам бренд шығарылады (ФОТО)

«Бұл жерде біз көрме барысында нарыққа ұсына алатын, халық жиі тұтынатын тауарларды айтып отырмыз. Біз ол өнімдерді көрме аясында жылжытқымыз келеді. Өз кезегінде осы тауарлар арқылы көрменің танымалдылығын арттыра аламыз. Тағы бір маңызды мәселе, біз көрмеге қатысты естелікті де осы тауарлар арқылы қалдыра аламыз», - деп атап өтті ол.

Илья Оразақовтың сөзіне қарағанда, тұтынушылардың талабына сай тауар шығара алатын кез келген отандық компания көрменің серіктесі бола алады.

«Биыл күзде біз сіздермен бірге тауарлардың 55 атауын шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл бастапқы кезеңде ғана. Ол жоспарланып қойған және дайын. Келесі жылы көктемге қойылған мақсат - аталмыш тауарлардың атауын 115-ке дейін жеткізу», - деді ол кәсіпкерлерге қаратып айтқан сөзінде.

Ұлттық компания департаментінің директоры атап өткеніндей, бұл тауарлар көрме аумағында болатын фирмалық дүкендерде, бүкіл ел бойынша таралған дистрибьютерлік лицензия иелері арқылы таратылады, сондай-ақ әуежайларда, вокзалдарда, ірі сауда орталықтарында сатылады.

null null