16:32, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Астанадағы ЭКСПО-2017 нысандары Қазақстанның ұлттық брендіне айналуы тиіс - Н.Назарбаев
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанадағы ЭКСПО-2017 нысандары Қазақстанның ұлттық брендіне айналуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындыққа байланысты өткен кеңесте айтты.

Елбасы 2017 жылғы ЭКСПО-ның нысандары Париждегі Эйфель мұнарасы және Лондондағы Хрусталь сарайы секілді ұлттық бренд болуы тиіс екендігін атап өтті. Өйткені бұл қалалардағы осы нысандар да кезінде ЭКСПО көрмесін өткізу аясында салынған болатын. Осы орайда Н. Назарбаев еліміздің сәулетшілері мен суретшілерінің алдында ауқымды мақсат-міндеттер тұрғанын қадап айтты.
Мемлекет басшысы 2017 жылы Қазақстанда өтетін халықаралық көрме үшін салынатын барлық нысандардың құрылысы «ақылды қала» ұстанымы бойынша жүзеге асырылатынын ескеріп өтті.