Астанадағы Индустриалды парктің өндірістік қуаты 2016 жылы өз нәтижесін береді
«Қазіргі кезде Индустриалды парк аумағында жалпы көлемі 180 млрд. теңге инвестициямен 49 жоба жүзеге асырылуда. Олар осы парк аумағының 90 пайызын тиімді пайдаланып отыр. Бүгінде 19 жоба табысты жұмыс істесе, бір кәсіпорын биылдың наурызында іске қосылды. Ал 4 кәсіпорын осы жылдың соңына дейін өз жұмысын бастайды деп күтілуде», - делінген таратылған мәліметте. Атап айтқанда, парк аумағындағы қалған 25 жоба құрылысы жанданбақ. Индустриалды парктегі барлық бекітілген жобалардың өндірістік іске қосылуы 2016 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Белгілі болғандай, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы алты мың кәсіпкер көмек алды. Олардың барлығы 300-ге жуық өтінімі мақұлданып, бұл бағытқа 61,3 млрд. теңге бөлінді.