Астанадағы кәсіпорынға 3,5 млн теңге қарызын қайтармай қашып жүрген адам Өскеменде ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Елордадағы кәсіпорынға 3,5 млн теңге қарызын қайтармай қашып жүрген адам Өскемен қаласында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір полицейлеріне Астана қаласының жеке сот орындаушысынан «Porsche Cayenne» маркалы көлікті ұстау туралы қаулы келіп түскен.

Көлік иесінің елордадағы кәсіпорынға жалпы сомасы 3 512 546 теңге мөлшерінде қарызы болған. Алайда ол сол қарызды қайтармай бой тасалап жүрген.


«Өскемен қаласында «Қыран-12» экипажының қызметкерлері «Сергек-қорғау» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен аталған көлікті тапты. 40 жастағы жүргізушіге оның не себепті тоқтатылғаны түсіндірілді. Өз кезегінде ер адам банктердің бірінің мобильді қосымшасы арқылы қарыздың толық сомасын сол жерде төлеп тастады», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, департамент қызметкерлері азаматтарды осындай жағдайларды болдырмау үшін қаржылай қарыздарын уақытылы төлеп отыруға шақырады.


Соңғы жаңалықтар