Астанадағы қайғылы оқиға: Бес баланың әкесін түнде жұмысқа шақырып алған

Оның айтуынша, өрт туралы xабар түнгі сағат 2:34 минутта түскен. Ал өрт сөндіру қызметі 4 шақырым шалғай жерде орналасқан. Олар шамамен 7 минуттың ішінде оқиға орнына жетті.
«Өрт сөндіру кезінде сағат 2:45-те үйдің төбесі опырылып түсті. Ал 2:50-де бес баланың мүрдесі табылды. 3:24-те өрт толығымен ауыздықталды», - деді Ю.Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, өрттің алдын ала себебі - пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау.
«Тергеу органдарының ақпаратына сәйкес, балалардың әкесі - 1984 жылы туған азамат. Ол теxникалық қызмет көрсету стансасында моторист болып істейді. Кешкі уақытта ол пешті жағып қойды. Сол кезде жұмыс беруші оны шұғыл жұмысқа шақырып алды. Сол себепті ол түнгі уақытта үйінде болмады. Ал анасы жауапкершілігі шектеулі серіктестікте бөлшектеп өлшеуші болып қызмет атқарады. Ол да түнгі ауысымда болған», - деп атап көрсетті Ю.Ильин.
Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын үй алабынан өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 баланың денесі табылды. Ең кішісі небәрі 11 айлық сәби еді.
Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.