Астанадағы ҚазАТУ-да студенттер арасында факультетаралық спартакиада өтіп жатыр

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде спорттың 9 түрінен студенттердің факультетаралық спартакиадасы өтуде,

Астанадағы ҚазАТУ-да студенттер арасында факультетаралық спартакиада өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Университеттің қалыптасқан дәстүрлеріне жататын бұл спартакиаданың мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттерді жаппай спортпен және дене тәрбиесімен шұғылдануға ынталандыру, сондай-ақ дарынды спортшыларды анықтау болып табылады.

Спартакиада спорттың - волейбол, мини-футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қол күресі мен қазақ күресі, кір тасын көтеру және президенттік көпсайыс түрлері бойынша өтуде. Жарыстар алдағы сәуір айының 28-іне дейін жалғасады. Оның соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталатын болады.