Астанадағы Қазіргі заман өнер мұражайында итальяндық суретші Кармине Барбороның «Tavolozza» жеке көрмесі ашылды

СТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанадағы Қазіргі заман өнер мұражайында итальяндық суретші Кармине Барбороның «Tavolozza» атты жеке көрмесі ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

К. Барбороның шыққан тегі итальяндық болғанымен, 17 жылдық ғұмыры Қазақстанмен байланысты. 1993 жылдан бері Алматыда тұрып жатқан ол, қазақстандық көрерменге жақсы таныс. Отандық көркемөнер қайраткерлерінің ортасына тығыз енген суретші, 2003 жылы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі атанады. 1987 жылдан бері Италияның Савона, Раппалло, Бергальи, Генуя, Генуя-Бокадассе, Мурацано-Кунео, Рим, Сальсомаджоре, Сан Марино, Пистоя, Венеция қалаларындағы көрмелердің, Францияның Ницца, Қазақстанның Алматы, Ақтау, Атырау, Өскемен, Семей қалаларындағы көрмелердің тұрақты қатысушысы.

Астанада К. Барбороның көрмесі алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл мәдени шарада көрермен назарына түспеген жаңа кескіндемелік шығармалары топталған. Мұражайда оның 1997-2009 жылдары салынған 40-қа жуық туындылары қойылған. Портрет, пейзаж, натюрморт және қазақтар мен итальяндықтардың өміріне арналған тұрмыстық жанрдағы суреттерінен қазақи таным, ой-өрістің нақыштарын байқау қиын емес. Дала пәлсапасы толып-ақ тұр. Бояулардың қанықтығы, ашықтығы ұлттық қолөнершілер мен Орталық Азия халықтарының тұрмысында кең тараған қолөнер туындыларының түс-бояуларына өте жақын.

Карминенің әрбір туындыларында суретшінің еуропалық бастаулары да бар. Оның суреттерінен Пикассо шығармашылығын еске салатын стиль - пропорциялардың классикалық үйлесімділігі, бейнелерді салудағы әсемдік пен тұтастық байқалады.

Соңғы жаңалықтар