Астанадағы кинофестивальге Николас Кейдж бен Джон Малкович келеді

Фестиваль кезінде соңғы бір жылдың ішінде экранға шыққан фильмдер көрсетіледі. Соның ішінде қысқа және толық метражды картиналар, авторлық және жанрлық кино бар. Бұдан бөлек, "Бес құрлық" атты балалар фильмдерінің конкурсы ұйымдастырылады. Ал Орталық Азия мен түркі тілдес елдер кинематография саласындағы "Тұлпар" ұлттық сыйлығы үшін таласып көрмек.
«XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі аясында алғаш рет Eurasia Film Market ұйымдастырылады. Оған фильмдер нарығында жүрген сатушылар мен сатып алушылар қатысады. Олардың ішінде Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Америка, ТМД мен Еуропа елдерінің өкілдері бар», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет пен өнер департментінің директоры Алмаз Нурзахан.
Кинофестивальге Николас Кейдж, Джон Малкович пен Эдриен Броуди сияқты Голливуд жұлдыздарының да келуі күтіліп отыр.