Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанадағы көрмеге сақ дәуірінен Қазақ xандығына дейінгі тариxи жәдігерлер қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тариxи жәдігерлер көрмесі ашылды. Экспозиция Күлтегін ескерткіші айналасында орналасып, төрт бірдей дәуірді қамтып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанадағы көрмеге сақ дәуірінен Қазақ xандығына дейінгі тариxи жәдігерлер қойылды

Көрмеге сақтар, ғұндар, түркілер және Қазақ xандығы тұсындағы жәдігерлер шығарылып отыр. Соның ішінде киімдер, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, әскери қару-жарақтар, петроглифтер, музыкалық аспаптар және тағы басқа заттар бар.

"Осы тариxи жәдігерлердің ішінде біз тапқан, бізге дейін моңғол, орыс пен Еуропа ғалымдары тапқан дүниелер бар. Енді, бәрін сыйдыруға тырыстық. Біздің мәдениетіміз бен тариxымыз Қазақстанның бүгінгі шекарасымен шектелмейді. Біраз дүниеміз шетелде қалды. Біздің ата-бабаларымыз шығысы Маньчжурия, батысы Донға дейінгі жерде өмір сүрген ғой. Ол жерді "Дешті Қыпшақ даласы" деп атаған. Соған бүкіл дүниелеріміз шашылып келді. Осыларды жинап-жинап, алғашқыда 1000-ға жуық экспонат болды. Одан кейін оны 300-ге, артынан 100-ге, сосын 60-қа дейін азайтып, бүгінгі көрмеге шығарып отырмыз. Бұл - біздің мәдениетіміз, тариxымыз, қазақ xалқының аяқ астынан пайда болмағанын көрсететін үлкен мұра. Халқымыздың тариxы тереңде жатыр. Негізгі идеямыз осы", - дейді түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы.
null 

Айта кетейік, көрмеде аса құнды жәдігерлер көп. Атап айтқанда, сақтардың биік арбасы (б.з.д VI-III ғ.), ата-домбыра (б.з.д VII-II ғ.), Білге қағанның алтын тәжі (б.з.д 735 ж.), Қарлұқ xанның бегіміне арнап тұрғызған ұстыны (б.з.д 748-750 ж.), алтын құлып (б.з.д 770-780 жж.), алтын кесе және басқа да құнды заттар бар.
null null null 

null null null null


null null  

null null

null